Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Мемлекеттік қолдау Қазақстанның фармацевтикалық нарығын шетел инвесторлары үшін тартымды етуде

02.12.2014

Мемлекеттік қолдау Қазақстанның фармацевтикалық нарығын шетел инвесторлары үшін тартымды етуде 

2 желтоқсан 2014. ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында мемлекеттік Тиісті өндірістік практика (GMP) және Тиісті дистрибьюторлық практика (CDP) стандарттарына сәйкестік сертификаттарын салтанатты түрде табыстау шарасы өтті. 

Еліміздің фармацевтикалық саласының стратегиялық мақсаттарының бірі - дайын өнім сапасын бақылау жүйесінен оның сапасын қамтамасыз ету жүйесіне көшу. Бұған халықаралық тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу жолымен жетуге болады. 

Тиісті фармацевтикалық практика стандарттары әзірлеуден бастап тұтынушының пайдалануына дейінгі фармацевтикалық өнімнің бүкіл циклі бойында фармацетикалық нарық өнімдеріне, үрдістеріне, фармацевтикалық қызмет көрсетулерге, қатысушыларға талаптар қояды. 

Өндірушілер мен дистрибьюторлардың осы стандарттарды сақтауы халықты сапалы, қауіпсіз, тиімді дәрілік затттармен қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. GMP стандартын өз кәсіпорындарына енгізген қазақстандық өндірушілер саны жыл сайын өсіп келеді. Бүгін GMP стандартына сәйкестік туралы қорытындысы бар қолданыстағы 3 өндірістік учаскелердің қатарына тағы да 4 қазақстандық өндіруші қосылды. Қазіргі уақытта GMP талаптарына сәйкестікке инспекциялануға тағы 7 отандық кәсіпорын дайындық үстінде. 

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасынының көтерме сауда қоймалары да, сондай-ақ дәріханалар да белсенді түрде жаңғыртылуда. Көтерме сауда буынының 15 объектісі GDP стандартына; 15 бөлшек саудада өткізу объектісі GPP стандартының талаптарына сай келеді.

Бірыңғай дистрибьютор мен GMP стандарттарын енгізген және енгізуді жоспарлайтын отандық өндірушілер арасында Ұзақ мерзімді шарттар бекіту дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шара отандық өнеркәсіпті дамытуды оңтайландыруға, GMP ережелерін енгізуді ынталандыра отырып, шығарылатын медициналық өнім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. 

Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары шетелдік инвесторлар үшін фармацевтикалық нарықты тартымды етеді.

Қазірде 5 ірі қазақстандық фармкәсіпорынға шетелдік компаниялар инвестиция салды. 2014 жылғы маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң фармацевтикалық сектордағы инвесторлардың қызметін айтарлықтай жандандыруы тиіс. 

Аталған үрдістермен қатар мемлекет қызметі фармацевтикалық нарық субьектілер қызметінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесттігіне бағалау жүргізуге бағытталған ұлттық фармацевтикалық инспекторатты оқытуды және дайындауды жүргізіп жатыр. 2013 жылы Министрлік ҚР Ұлттық фармацевтикалық инспекциясының халықаралық фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығы жүйесіне (PIC/S) қосылуға өтінім берді, бұл қазақстандық өндірушілердің экспортқа шығару мүмкіндіктерін кеңейтеді, отандық дәрілік заттардың сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндіктерін жеңілдетеді, отандық препараттардың басқа елдер нарығына шығуы жолында отандық кәсіпорындарды шетелдік инспекторлардың инспекциялауының көлемін қысқартады.

Тізімге қайта келу