Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «Бирунифарм» кәсіпорны гемодиализге арналған бикарбонатты картридждер өндіре бастады

30.03.2015

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: «Бирунифарм» кәсіпорны гемодиализге арналған бикарбонатты картридждер өндіре бастады

30 Наурыз 2015, ҚазАқпарат 

Алматыда мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші басжылдығының шеңберінде «Бирунифарм» кәсіпорны гемодиализге арналған бикарбонатты картридждер шығара бастады. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне аталмыш компанияның бас директоры Мирас Қожакеев мәлімдеді.

«Гемодиализге арналған ертінділер өндіретін біздің кәсіпорын 2009 жылы құрылған. Содан бір жылдан кейін-ақ, Алматы қаласы бойынша «Индустриаландырудың өңірлік картасына» ендік. Мұндай зауыт Қазақстан мен Орта Азияда тұңғыш рет салынды. Сөйтіп біз, 2010 жылы медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған сапа менежменті жүйесі бойынша сертификаттаудан ойдағыдай өтіп, СТ KZ сертификатына ие болдық. Мұнда қазақстандық мазмұнның үлес салмағы 91 пайызды құрайды. Зауыттың өндіретін негізгі өнімі - қышқылды және бикарбонатты ертінділер», - деді М. Қожакеев.

Оның айтуынша, сол жылы компания фармацевтикалық өнімдер шығаратын «СК-Фармация» ЖШС компаниясымен жабдықтау бойынша ұзақ мерзімге, яғни, 7 жылға келісім-шарт жасасты. Сонымен, қазіргі таңда «Бирунифарм» жылына 300 мыңнан астам ертінділер жиынтығын шығарады. Ал бұл - өндірістік қуаттың 60 пайызын құрайды.

«Мемлекет саясатының арқасында өнімдерді сатылымға шығару барысында біз шет елдік импортерлер алдында едәуір басымдыққа иеміз. Өйткені байқауда бірінші кезекте отандық өндірушілерге көп көңіл бөлінеді», - деді кәсіпорын жетекшісі.

Ол сонымен қатар, аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында өндірісті ұлғайту жағы да жоспарланып жатқандығын айтты.

«Біз таяуда бикарбонатты картриджер шығаратын боламыз. Ол бұған дейін қолданылып келген ертіндінің жаңа инновациялық түрі. Біз таяуда бұл жобаны Алматы әкімдігінде сәтті қорғап шықтық. Бұл гемодиализге арналған өте маңызды өнім. Тасымалдауға және сақтауға өте ыңғайлы. Аппарат ертіндіні қажетті құрамда өзі дайындайды және қанды тазалау барысында өзі мөлшерлеп жұмсайды», - деді М. Қожакеев.

Ол сонымен қатар, жаңа өнімге арналған шикізаттардың Еуропаның Австрия, Чехия, Германия сияқты елдерінен сатып алынатындығын, сәйкесінше әлемдік стандарттарға толық жауап беретіндігін, әрбір партияның қатаң тексеруден өтетіндігін жеткізді.

«Сәуір айының соңында картриджерді жаппай шығара бастаймыз. Сөйтіп, жылына 200 мың данамен шығаруды жоспарлап отырмыз. Оның үстіне қышқылды ертіндінің басқа баламасы жоқ болғандықтан, оның өндірісі өз деңгейінде қалады. Қазір компанияда 15 адам жұмыс істеп жатыр», - деді компания басшысы.

М. Қожакеев отандық фармацевтикалық индустрияны дамыту - Елбасының денсаулық сақтау саласында отандық өнімдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау деп санайды. Және сәйкесінше қазақстандықтардың денсаулығының кепілі бола алады. 

Тізімге қайта келу