Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда 6 скринингтік бағдарлама енгізілді

10.02.2015

Қазақстанда 6 скринингтік бағдарлама енгізілді

10 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанда 6 скринингтік бағдарлама енгізілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев мәлім етті.

«Қазақстанда 6 скринингтік бағдарлама енгізілген. Сүт безі және жатыр мойны обырына қатысты 2 бағдарлама 2008 жылдан бері жүзеге асырылуда. Онда нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде сүт безі обырының шамамен 85 пайызы бірінші және екінші сатысында анықталады. Ал жатыр мойы обырының шамамен 93,5 пайызы ертең сатыда белглі болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, 2011 жылдан бастап тоқ және тік ішек обырын ерте анықтау бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болжамынша, 2030 жылға қарай бұл обыр түрі аурулардың ішінде 1-ші орынға шықпақ. Сондықтан да осы бағытта арнайы скирининг енгізу туралы шешім қабылданған.

«2012 жылдан бастап ілкі жоба ретінде үш бағдарлама енгізудеміз. Олар: бауыр, асқазан және еркектік без обырын ерте анықтау. Бұл бағдарламалардың барлығы да Қазақстанда жүргізу қажеттігі дәлелденген, есептелінген және негізделген. Сондықтан да біз бұл бағдарламаларды бірнеше мәрте депутаттық корпус, халық және медициналық қоғамдастық алдында қорғадық», - деді Қ.Нұрғазиев.  

Тізімге қайта келу