Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанның онкологиялық қызмет бюджеті 32 млрд. теңгені құрады

10.02.2015

Қазақстанның онкологиялық қызмет бюджеті 32 млрд. теңгені құрады

10 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанның онкологиялық қызмет бюджеті 32 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев мәлім етті.

«2010 жылдан бастап барлық онкологиялық қызмет бюджеті 9,5 млрд. тегңнеі құрады. Бүгінде бұл бюджет шамамен 32 млрд. теңге болып отыр. Біз онкологиялық ауруларға шалдыққандарды мамандандырылған емдеумен қамтуды алғаш рет 50 пайыздан 86,5 пайызға көтердік. Дәрі-дәрмекпен қамтуды 82 пайыздан асырдық. Мұның барлығы да әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан жүргізілуде», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес 2020 жылға қарай әлемде онкологиялық ауруға шалдыққандардың қатары 20,6 млн. адамға жетпек. Ал елімізде түрлі бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде онкологиялық ауруларға шалдыққандардың қатары азайып келеді.

«Обырды ерте анықтаудың нәтижесінде қатерлі ісіктен көз жұмғандардың көрсеткіші біртіндеп азаю үстінде», - деді Қ.Нұрғазиев.

Тізімге қайта келу