Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

2015 жылы Қазақстанда денсаулық сақтау саласына 600 млрд. теңге бөлінді

13.02.2015

2015 жылы Қазақстанда денсаулық сақтау саласына 600 млрд. теңге бөлінді

13 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

2015 жылы Қазақстанда денсаулық сақтау саласына 600 млрд. теңге қарастырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. 

«Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселесіне қатысты айтар болсам, ағымдағы жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аяқталады. Оның екінші кезеңін әзірлеуге кірістік. Ол аяқталатын бағдарламаның жалғасы болмақ», - деді ол. 

Министрдің айтуынша, аталған бағдарламаның жаңа екінші кезеңінде жұмыстар 4 бағыт бойынша жүргізіледі. 

«Біріншіден, медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Яғни, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы денсаулық сақтауға ынтымақтастық жауапкершілік қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қорына қатысты айтар болсам, естеріңізде болса, Мемлекет басшысы біздерге 2017 жылдың 1 қаңтарынан бұл жүйені енгізуді тапсырған еді. Сондықтан, қазірдің өзінде министрлік отандық сарапшыларды тарта отырып жұмыс тобын құрды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екіншіден, алғашқы медициналық-санитарлық көмек дамытылатын болады. Үшінші және төртінші бағыттарда медициналық кадрларға білім беру және оларды дайындау жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау саласын басқару жүйесін енгізу көзделеді. 

«Қазіргі уақытта барлық бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылды», - деді Т.Дүйсенова. 

Тізімге қайта келу