Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Онкологиялық ауруларды анықтау мақсатында былтыр 2,3 млн. қазақстандық тексерістен өткізілді

10.02.2015

Онкологиялық ауруларды анықтау мақсатында былтыр 2,3 млн. қазақстандық тексерістен өткізілді

10 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында 2014 жылы 2,3 млн. қазақстандық скринингтік тексерістен өткізіліп, нәтижесінде 2 мыңнан аса қатерлік ісік жағдайлары анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына ықпалдастырылған 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы аясында 6 түрлі скрининг іске асырылуда. Олар: сүт безі обырын, жатыр мойны обырын (2008 жылдан бастап), тоқ ішек обырын (2011 жылдан бастап), өңеш және асқазан обырын, еркектік безі обырын, гепатоцеллюлярлы карцинома (бауыр ісігі) обырын (анықтауға арналған тексерістер. 

Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, 2014 жылы осы аталған скринингтер бойынша 2,3 млн. қазақстандық тексерістен өткізіліп, нәтижесінде 2 мыңнан астам қатерлік ісік жағдайлары тіркелді. Яғни, әрбір тексерілген 1000 адамнан обырға шалдыққан 1 адам анықталып, анықталу көрсеткіші 0,1пайызды құрады. Бұл 2013 жылғы сәйкес көрсеткіштен 1,4 есеге көп. Алғаш анықталған қатерлі ісік жағдайларының ішінде үштен бірі I сатыда, жартысынан астамы II сатыда болып, ерте кезеңде анықтау көрсеткіші 84,5 пайызды қамтыды.

Скрининг барысында қатерлі ісік ауруларынан басқа қатерсіз ісіктер және обырға апаруы мүмкін аурулар (жаралар, жабысқақ, дисплазия және т.б.) анықталады. Жалпы 2014 жылы 79 мыңнан астам осындай аурулар белгілі болды. Қатерсіз ісік бары анықталған азаматтардың 95 пайыздан астамы әрі қарай сауықтыру шараларын өткізу үшін «Д»-есепке алынды.

Еске сала кетейік, скринингтік медициналық тексерістер қатерлі ісік ауруларының алдын алуда және ерте анықтауда барынша тиімді әдіс болып табылады. Бүгінгі таңда отандық денсаулық сақтау ұйымдары ауруы ерте кезеңде анықталған науқасты дертінен айықтыруға қажетті озық технологияларға ие.

Тізімге қайта келу