Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Антибиотикті дәрігердің нұсқауынсыз пайдаланбау керек - Л. Макалкина

13.02.2015

Антибиотикті дәрігердің нұсқауынсыз пайдаланбау керек - Л. Макалкина

13 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Антибиотиктерді шамадан тыс пайдалануды тежеу керек. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының» дәрілік ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі Лариса Макалкина мәлім етті. 

«Антибиотиктерді шамадан тыс қолдану халықтың денсаулығына кері әсерін тиігізетін жәйттер аз емес. Осы орайда антибиотиктерге тұрақтылықты тежеу бойынша нәтижелі шараларды әзірлеу қажеттілігі туындап отыр», - дейді Л. Макалкина. 

Оның сөзіне қарағанда, жоспар бойынша бұл бағытта бірқатар шараларды іске асыру қолға алынған. Осы тұрғыда микро-биологиялық мониторингті күшейту, антибиотиктерді пайдаланудың тиімді ережелерін әзірлеу, сонымен қатар дәрілік заттарды тиімді пайдалану аясында халықтың білімін жетілдіру қамтылып отыр.

«Жалпы антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз пайдаланбау керек деген ұстанымдамыз. Біз бүгінде жастарды дәрілерді дұрыс пайдалану бағытындағы сауатын арттыруды мақсат етіп қойдық»,-деді Л. Макалкина.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа баяндамасында антибиотиктерді көп пайдалану барша адамзатқа қатер тудырып отырғандығы жайында хабарланған. Бұл дәрілік заттар шамадан тыс қолжетімді болып отыр және дәрігердің тағайындауынсыз еркін саудаға шығарылған. 

Дәрілік ақпараттық-талдау орталығының жүргізген сауалнамасына қарағанда, 2014 жылы әрбір төртінші адам (27,5 пайыз) антибиотикті дәрігердің тағайындауынсыз қабылдайды екен. Респонденттердің тек 67,9 пайызы дәрінің бұл түрін дәрігердің айтуымен алады.

Тізімге қайта келу