Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

2014 жылы АҚТВ инфекциясы 29 баладан анықталды

17.02.2015

2014 жылы АҚТВ инфекциясы 29 баладан анықталды

17 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанда былтыр 14 жасқа дейінгі 29 балада АҚТВ-инфекциясы анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының деректерін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жариялады. 

«2014 жылы анықталған АИТВ індетін тасымалдаушылардың саны 2 174 (2013 жылы- 1941 тасымалдаушы анықталды), соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 29 АҚТВ тасымалдаушылар саны (2013 жылы - 33 тасымалдаушы) анықталды», делінген хабарламада. 
2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда эхинококкозбен (6,2 пайызға) ауырғандар саны өскен және диагнозы алғаш рет қойылған бруцеллезбен (6,8 пайызға) ауырғандар саны азайған. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 163 оқиғаны (2013 жылғы желтоқсанда - 106) құрады.

Тізімге қайта келу