Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Антибиотиктерді пайдалану жағынан астаналықтар алда келеді

13.02.2015

Антибиотиктерді пайдалану жағынан астаналықтар алда келеді

13 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Антибиотиктерді көп пайдалану жағынан астаналықтар көш бастап тұр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дөңгелек үстелде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының» дәрілік ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі Лариса Макалкина мәлім етті. 

Қазақстанның дәрігерлері аталған дәрілерді шамадан тыс пайдалану қатерлі екенін ескертті. Дәрі-дәрмек ақпаратты-талдау орталығы соңғы төрт жылда Қазақстанда дәрілік заттарды тағайындаудың тәжірибесіне зерттеу жүргізіп келеді. Зерттеудің алғашқы жылында (2011 жылы) антибиотикті пайдалану көрсеткіші жоғары болған. Содан бері оның деңгейі 16 пайызға төмендеген. 

«Біз зерттеуді бірінші рет жүргізген кезде Астанада тағайындалған дәрілердің 50 пайызы антибиотик болатын. Неге? Себебі, Астана - ол шенеуніктер қаласы. Осы орайда қызметкерлер жұмыстан қалмау үшін антибиотиктерді пайланады. Осының себебінен антибиотиктерді пайдалану деңгейі елордада жоғары. Биыл бұл көрсеткіш 18 пайызға дейін төмендегенін байқадық. Жалпы айтқанда, Астана дәрінің бұл түрін пайдалану көрсеткішін айтарлықтай азайтты»,-деді сарапшы. 

Лариса Макалкина антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз пайдаланбау керек деген ұсынысын айта келе, бұл бағытта адамдарды дәрілерді дұрыс пайдалану үшін сауатын арттыру қажеттігін жеткізді.

Тізімге қайта келу