Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Астанада онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды емдеу бойынша конференция өтті

13.02.2015

Астанада онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды емдеу бойынша конференция өтті

13 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Бүгін «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасындағы балалар онкологиясы» атты конференция өтті, деп хабарлады astana.kz. 

Шараға «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар мен Медициналық қызметті ұйымдастыру департаментінің өкілдері, дәрігерлер мен ата-аналар қатысты.

2003 жылдан бері әлемнің 52 елінде жыл сайын 15 ақпанда Халықаралық балалар қатерлі ісігімен күрес күні атап өтіледі. Конференцияға қатысушылар балаларда онкологиялық ауруларды емдеу және диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістемелерін талқылады, жілік майыын ауыстыырып салу бойынша ота жасау тәжіриебесімен алмасты.

Шараға педиатрлар, жалпы практикадағы дәрігерлер, балалар онкологтары. Бұдан басқа, Ана мен бала орталығында жілік майы трансплантациясы жасалатын бөлмелерге жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, соның арқасында орталықтағы мамандардың трансплантация көлемін ұлғайтуға деген мүмкіндігі артып отыр.

Тізімге қайта келу