Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстан ЭЫДҰ-мен денсаулық саласында 3 жоба жүзеге асырмақ

27.02.2015

Қазақстан ЭЫДҰ-мен денсаулық саласында 3 жоба жүзеге асырмақ

27 Ақпан 2015, ҚазАқпарат 

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлесіп, денсаулық саласындағы 3 жобаны жүзеге асыратын болады. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой айтты.

Алғашқы жобаның денсаулық сақтау жүйесін бағалауға бағытталатындығын айтқан ол: «Біз әріптестеріміздің алғашқы медициналық санитарлық көмек және аурухана секторындағы реформаларға баса назар аударғандықтарын қалаймыз. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойынша біздің қызметіміздің бағалануын күтудеміз. Содан кейін бұл саладағы жұмыстарды одан әрі жақсарту бағытындағы ұсыныстар берілетін болады», - деді ол.

А.Цойдың айтуынша, келесі жоба денсаулық сақтаудың ұлттық есепшотын бағалауға қатысты болмақ. «Яғни, есеп айырысулардағы денсаулық сақтау жүйесіндегі әдістер, яғни қаржылық модель қаншалықты дұрыс екендігі бағаланады. Біздерге бұл жұмыстарды жақсартып, халықаралық стандарттарға жақындату қажет», - деді вице-министр.

Үшінші жоба үш санаттағы тұлғалардың, яғни балалардың, егде жұмысшылардың, халықтың әлеуметтік тұрмысы төмен тобының жұмыспен қамтылуына қатысты.

«Бұл бағытта да қазіргі ахуалды бағалағымыз келеді. Аталған мақсатты топтағылардың жұмыспен қамтылуы мәселелерін зерделемекпіз. Сонымен қатар орын алып жатқан түйткілдерді тарқатып, бұл мәселедегі ахуалды жақсартудың жоспарын әзірлемекпіз», - деді А.Цой.

Тізімге қайта келу