Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қоғамдық маңызды жұмыспен айналысатындар ауысым алдында міндетті медициналық тексеруден өтеді

02.03.2015

Қоғамдық маңызды жұмыспен айналысатындар ауысым алдында міндетті медициналық тексеруден өтеді

02 Наурыз 2015, ҚазАқпарат

Бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланды. 

Еске салайық, заң жобасы ең алдымен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқаруды жетілдіруге қатысты нормаларды қамтып отыр. Атап айтқанда, құжат қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қолжетімділігін қамтамасыз ету принциптерімен толықтырылған. 

Сонымен бірге, Елбасының Жарлығы бойынша мемлекеттік басқару деңгейінің арасындағы құзыреттіліктің аражігінің ажыратылуына байланысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті жаңа 20 функциямен толықты. Олар бұрын Үкіметтің қарауында болған еді. 

Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемологиялық қызметтің Ұлттық экономика министрлігіне берілуіне байланысты осы қызмет пен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органның қызметтері жеке бапқа бөліну арқылы ажыратылған. Жергілікті атқарушы органдардың жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын қоса алғандағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау бойынша құзыреттері кеңейтілген.

Тұтастай алғанда, заң жобасы бойынша мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың өз денсаулығын сақтауға ортақ жауапкершілігін дамыту шарасы да қамтылып отыр. Бұл ретте жұмыс беруші тексеріп қаралулардан, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қараудан өтпеген адамдарды жұмысқа алмауын көздейтін норманы қарастырылған. Қоғамдық маңызы бар жұмыспен айналысатын қызметкерлер үшін ауысым алдында міндетті медициналық тексерулер енгізу ұсынылады. Бұл норма кәсіби ауруларды айқындап, оның алдын алуға, сондай-ақ ұйым қызмектерлерінің еңбек қауіпсіздігін дамытуға мүмкіндік бермек. 

Заң жобасы алдағы уақытта палатаның екінші оқылым бойынша қарауына шығарылмақ.

Тізімге қайта келу