Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда дәрілердің бағасын ұстап тұру туралы құжат бекітілді

30.03.2015

Қазақстанда дәрілердің бағасын ұстап тұру туралы құжат бекітілді 

30 Наурыз 2015, ҚазАқпарат 

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Қазақстанның кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары 200 атау бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойды.

«Бұл құжатқа қол қою арқылы адамдарға үлкен қолдау жасалуда. Осы орайда қауымдастықтар өздеріне жүктеп отырған әлеуметтік жауапкершілік үшін алғысымды білдіргім келеді»,- деді қол рәсімінде ведомство басшысы Т.Дүйсенова. 

Аталған меморандум халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға негізделген. Атап айтқанда, дәрілік және медициналық заттардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар мен бөлшек сауданың өкілдері 2015 жылғы 1 наурыздағы деңгейде бағаларды бекітіп, жиі пайдаланылатын дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру жөніндегі жауапкершілікті өздеріне алды. Бұл тұрғыда қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, шприцтер мен медициналық дәкелер қамтылып отыр. 

«Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтановтың сөзіне қарағанда, енді 200 дәрі-дәрмекке баға көтірлмейтін болады. Осы орайда аталған дәрілердің тізбесі әрбір дәріханада ілініп тұрады.

Ал меморандумға орай дәрілер бағасын бекітілген бағадан асырғандарды жауапкершілікке тарту мәселесіне тоқталған ол: «Бұл тұрғыда айыппұл аз емес. Министрліктің әрбір қалада фармацевтикалық инспекциясы бар. Сондықтан тиісті қадағалау назардан тыс қалмайды», - деді.

Белгілі болғандай, құжатта бойынша қамтылған дәрілердің 70-і - шетелдік препараттар.

Тізімге қайта келу