Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Абай Байгенжин «Медицина маршалы» атанды

13.01.2015

Абай Байгенжин «Медицина маршалы» атанды

13 Қаңтар 2015, ҚазАқпарат

ҚР Ұлттық ғылыми медициналық орталығына медицина саласындағы жетістіктері үшін Францияның беделді жүлдесі - Наполеон ордені беріліп, оның директоры Абай Байгенжин «Медицина маршалы» атағына ие болды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен. 

«Ғылым саласындағы көрнекті жетістіктер үшін 2012 жылы біздің орталыққа алтын «Наполеон медалі» берілді. Бұл алғашқы қадам болды. Франция мемлекеті ендігі кезекте еңбегімізді елеп, Наполеон орденіне ұсынды. Мұндай сыйлықтарды бұған дейін Швейцария мен Ұлыбританиядан алған едік. Еуропа мен Батыс елдерінің еңбегімізді мойындауы әрине, - қуанышты жайт. Жалпы алғанда, бұл - Қазақстанның медицина саласындағы жалпы жетістігін мойындауы»,-деді Абай Байгенжин. 

Наполеон ордені - экономика, білім және медицина саласындағы ерекше еңбегі үшін берілетін беделді жүлде. Ол 1801 жылы Наполеон Бонапарттың декреті бойынша тағайындалған. Бұл орден 1886 жылы Густаво Эйфельге (өзі аттас мұнара құрылысы үшін), 1833 жылы Бен Фурнейроға (гидравликалық турбинаны ойлап тапқаны үшін), 1873 жылы Луи Пастерге (өзінің есімін иеленген ферментизация үрдісін ойлап тапқаны үшін) табыс етілген. Қазіргі уақытта аталған жүлдеге ие болғандардың қатарында «Мишлен», «Пежо», «Дассо», «Матра», «Рено» сияқты әлемге әйгілі компаниялардың жетекшілері, оның ішінде ұлттық және халықаралық деңгейде жетістіктерге қол жеткізген перспективалы компаниялардың басшылары бар. 

Тізімге қайта келу