Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі үлесін балалар құрайды

13.01.2015

Қазақстанда ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі үлесін балалар құрайды

13 Қаңтар 2015, ҚазАқпарат

Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері 240 859 ЖРВИ жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

«2015 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша республикада эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 240 859 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (71%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттанудың 43 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 12 қаңтарда Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қаласында тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді», - делінген хабарламада.

Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 633 423 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,4%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала және 1 187 395 ересек тұрғындар. Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ке өскені байқалады.

Тізімге қайта келу