Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

«Ана мен бала» орталығына 30 млн. теңгенің медициналық құрылғылары табыс етілді - Қызылорда

05.02.2015

«Ана мен бала» орталығына 30 млн. теңгенің медициналық құрылғылары табыс етілді - Қызылорда

05 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Бүгін облыстық «Ана мен бала» орталығына Болат Өтемұратовтың «Асыл-Мирас» жеке қайырымдылық қоры құны 30 млн. теңге болатын 14 дана медициналық кұрылғыны сыйға тартты. Шараға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол аппараттар ауыр халде туылып, жан сактау бөліміне түскен нәрестелерді емдеуге арналған. Сәбилердің тыныс алу жолдары мен өкпесін қалпына келтіруге көмектеседі. Арнайы мониторлар олардың жүрек қағысы мен қысымын бақылап отыруға мүмкіндік береді. 
Шара барысында Рауан Кенжеханұлы «Асыл-Мирас» жеке қайырымдылық қорының директоры Марат Темірғалиұлына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Сыр елі атынан алғыс айтып, естелік сыйлық табыс етті.

Тізімге қайта келу