Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Алматы онкологиялық орталығында 2014 жылы 26 шағын инвазивті операция жасалды

04.02.2015

Алматы онкологиялық орталығында 2014 жылы 26 шағын инвазивті операция жасалды

04 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Алматы онкологиялық орталығында 2014 жылы 26 шағын инвазивті операция жасалды. Бұл туралы бүгін Алматыда бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған баспасөз конференциясы барысында Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Диляра Қайдарова айтты.

«Өткен жылы 26 шағын инвазивті ота жасалды. Мұндай оталар ішек, асқазан, өкпе обырының бастапқы кезеңінде эндоскопиялық тәсілмен жасалады. Сүт безі қатерлі дертін емдеуде де ағза мүшесін сақтап қалуға мүмкіндік жоғары. Егер бұған дейін сүт безін түгел алып тастасақ, қазір оны хирургиялық жолмен сақтап қаламыз. Біздің мамандарымыз Италияда білім алып келген», - деді Д.Қайдарова.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің онкологиялық бағдарламасына сәйкес елімізде 6 скринингтік тексеру енгізілген. Қазақстан ТМД елдері арасында тегін тексеруге қаржы бөліп отырған жалғыз мемлекет.

«Қатерлі ісік бастапқы кезеңде тез емделеді. Ол үшін профилактикалық тексеруге үнемі келіп тұру керек. Сондай-ақ, елімізде аурудың соңғы стадиясында өмір сүріп отырған науқастарға көрсетілетін паллиативті көмектің деңгейі артып келеді»,- Д.Қайдарова.

Айта кетейік, жылына Қазақстанда 30 мың науқас тіркелсе, 16 мың адам көз жұмады. Барлығы елде 140 мың науқас бар.

Тізімге қайта келу