Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Жүрек дертіне шалдыққандар қазақстандық кардиохирургиялық орталыққа Еуропа мен Америкадан да ағылуда - Ю. Пя

05.02.2015

Жүрек дертіне шалдыққандар қазақстандық кардиохирургиялық орталыққа Еуропа мен Америкадан да ағылуда - Ю. Пя

05 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанның кардиохирургиялық орталығында емделу үшін алыс және жақын шетелдерден науқастар көптеп келуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя айтты.

«Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, Қазақстандағы кардиохирургиялық қызмет біршама жақсы қарқынмен дамып келе жатыр деп толық сеніммен айта аламын. Жуырда біздің орталықта министр Тамара Дүйсеновамен кездесу болды. Сол кездесу барысында кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтерді одан әрі дамытудың бастапқы стратегиялық формалары қабылданды", - деп атап өтті Ю. Пя. 

Оның айтуынша, бұл жоспарды орындауға орталықтың әлеуеті толық жетеді.

"Менің ойымша біз бұл жоспарды орындауға да қаражат пен қажыр-қайрат табамыз. Соның дәлелі ретінде айта кетейін, бүгінде біз көрші елдердегі әріптестеріміз келіп, білім алатын орталыққа айналдық. Атап айтар болсақ, жуырда Ресейдің кардиохирургтарына шеберлік сыныптарын өткіздік. Сондай-ақ, осы айдың соңында Шығыс Еуропадан, Таяу Шығыстан, Түркиядан, және бәлкім Қытайдан келетін әріптестерімізге шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлап отырмыз", - дейді Ю. Пя.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде астаналық кардиохирургиялық орталыққа алыс және жақын шетелдерден науқас адамдар емделуге келуде. Нақтырақ айтсақ, көрші елдерден, сондай-ақ, Канада, АҚШ, Германия және Аустралиядан отандық кардиохирургтар көмегіне жүгінуге келген адамдар көп.

Тізімге қайта келу