Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда жылына инсульттен 15,5 мың адам көз жұмады - Гүлназ Қайшыбаева

06.12.2014

Қазақстанда жылына инсульттен 15,5 мың адам көз жұмады - Гүлназ Қайшыбаева

06 Желтоқсан 2014, ҚазАқпарат

Қазақстанда инсульт - өлімге әкеп соқтыратын аурулардың ішінде екінші орында келеді. Жылына елімізде 49 мың адам инсультқа шалдықса, олардың 15 500-дейі көз жұмады. Қазіргі таңда Қазақстанда осы дертке шалдығып, мүгедек болып қалған 275 000 адам тіркелген. Бұл туралы Алматыда «Инсультті жеңу: оны барлық кезеңінде терапия жасау» атты тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында «С. Қайшыбаев атындағы неврология институты» ғылыми-өндірістік орталығының директоры Гүлназ Қайшыбаева мәлімдеді. 

«Инсульт - мида қан ұйып, қан тамырларының бітеліп қалуынан қан айналымының күрт бұзылуы. Оны ишемиялық деп атайды. Бұл инсульттің ең көп тараған түрі. Ал гемморрагиялық инсульт, яғни миға қан құйылуы, ол сирек болады. Жалпы, Қазақстанда инсульт адам өліміне себеп болатын аурулардың ішінде екінші орында тұр. Жылына елімізде 49 мың адам инсультқа шалдықса, олардың ішінде 15 500-дейі көз жұмады» - деді Г. Қайшыбаева.

Сондай-ақ, оның айтуынша, инсультке жүрек-қан тамырлары дерттері, гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, жүректің жайсыз соғуы (фибрилляция) секілді аурулар себеп болады.

«Адамның инсультке ұшыраған-ұшырамағанын қарапайым әдістермен білуге болады. Мысалы, одан қарапайым сөйлемді қайталауды өтінуге немесе екі қолын көтерткізіп, екеуін де қатты қысуға болады. Егер оның бет жүзінің жартысы немесе қолының саусақтары бозарып, ұйып қалатын болса, басы айналып, тепе-теңдігінен айрылса, басы ауыра бастаса, онда инсултьттің пайда болағанын байқауға болады», - деді Г. Қайшыбаева. 

Тізімге қайта келу