Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Австриялық компания Қазақстанда травматологиялық бұйымдар шығаратын зауыт салады

06.03.2015

Австриялық компания Қазақстанда травматологиялық бұйымдар шығаратын зауыт салады

06 Наурыз 2015, ҚазАқпарат

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен австриялық «I.T.S. GmbH» компаниясының президенті Рене Бернштайнер екіжақты кездесу барысында Қазақстанда жоғары сапалы травматологиялық бұйымдар өндіру зауытын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен.

Тамара Дүйсенова «I.T.S. GmbH» компаниясының Қазақстанда пластиналар, бұрандалар, штифттер, арнайы импланттар мен құралдар өндіретін шағын зауыт салу туралы ұсынысын зерделей келе, оны қолдады. Бұл ретте министр «Қазіргі уақытта біз денсаулық сақтау саласын жаңартуды жүргізіп жатырмыз және оның бағыттарының бірі - жаңа технологияларды енгізу», - деп атап өтті.

Сондай-ақ ол Қазақстанда шетел инвестициялары үшін өте қолайлы жағдайлар жасалғанын, ал келесі жылдан бастап шетелдік жұмыс күшін тартуға жеңілдікті режім белгіленетінін атап айтты.

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті фармацевтикалық тәжірибелер (GМP) стандарттарына сәйкес келетін дәрілік заттардың жалпы нарығы жұмыс істейтіндігіне байланысты, өнімнің сапасы жақсы болатын болса, ол үшін Ресей және Беларусь нарығы ашық болады», - деп түйіндеді ол сөзін.

Өз кезегінде Рене Бернштайнер «I.T.S. GmbH» компаниясының ұсынысын қолдағаны және шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда жасалған жағдайлар туралы айтып бергені үшін министрге алғыс білдірді.

«Түркияда зауыт салғаннан кейін біз үшін тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразиялық экономикалық одақтың нарығы қызығушылық туғызады», - деді ол.

Айта кетейік, «I.T.S. GmbH» компаниясының негізі 1997 жылы қаланды, ол травматология мен ортопедияға арналған тиімді материалдар мен құралдар жасауға мамандандырылған. Компания австриялық және халықаралық әріптестерімен бірлесіп қысқа мерзімдерде нарыққа жаңа және бірегей өнімдер енгізеді.

Тізімге қайта келу