Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Медицина бойынша Нобель сыйлығы мидағы "GPS-ті" тапқандарға берілді

06.10.2014

Медицина бойынша Нобель сыйлығы мидағы "GPS-ті" тапқандарға берілді

06 Қазан 2014, Tengrinews.kz

Стокгольмде медицина бойынша 2014 жылғы Нобель сыйлығы берілді. Ол Джон О'Киф, Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозерге бұйырды, - деп жазады The Guardian.

Ғалымдар Нобель сыйлығын ми жасушалары биологиясы жөніндегі еңбегі үшін алып отыр. "Өзіміздің қайда екенімізді қайдан білеміз? Бір жерден екінші жерге дейінгі жолды қалай табамыз? Келесіде сол жолмен жүру үшін тиісті ақпаратты қалай сақтаймыз? Нобель сыйлығының иегерлері кеңістікті бағдарлауға мүмкіндік беретін мидағы орналастыру жүйесін - "ішкі GPS-ті" тапты", - дейді Нобель комитетінің өкілдері.

Нобель сыйлығының жартысы - 8 миллион швед кронасын Лондон университеттік колледжі ғылыми орталықтарының бірінің директоры Джон О'Киф иеленеді. Қалған қаражатты Норвегия азаматтары - ерлі-зайыпты Мей мен Эдвард Мозерлер өзара бөліседі. 

Сыйлықты тапсыру салтанаты дәстүр бойынша 10 желтоқсан - Альфред Нобельдің қайтыс болған күні өтеді. 7 қазан күні физика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері жария болады. 2014 жылы үміткерлер тізімінде 278 пункт бар, оның ішінде, жетеуі - қоғамдық және халықаралық ұйым.

Еске сала кетейік, 2013 жылы медицина бойынша Нобель сыйлығы Джеймс Ротманға (АҚШ), Рэнди Шекманға (АҚШ) және Томас Зюдофқа (Германия) берілген болатын. Олар сыйлықты адам жасушасының негізгі қатынас жүйесі - сулы бөртпелер қозғалысын реттеу механизмін ашқаны үшін иеленді. 

Тізімге қайта келу