Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Халықтың орта жасы өссе, онкологиялық аурулар көбейе береді

10.02.2015

Халықтың орта жасы өссе, онкологиялық аурулар көбейе береді

10 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанда онкологиялық ауруларға шалдыққандардың саны 150 мыңнан асып кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев мәлім етті.

«2012 жылдың қаңтар айында Елбасы өз Жолдауында онкология саласын дамытуға зор көңіл бөлді. Өйткені, халықтың өлім-жітімі себептерінің арасында онкологиялық аурулар екінші орында тұр. Одан кейін Үкімет қаулы қабылдап, мемлекеттік бағдарлама әзірледі. 2012 жылдың 29 наурызында қабылданған бағдарлама бес жылға арналған. Онда 69 шараны жүзеге асыруға 211 млрд. теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта сол бағдарламаның үшінші жылы аяқталуда», - деді ол.

Еліміздің бас онкологының сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда онкологиялық ауруларға шалдыққандардың саны 150 мыңнан асып отыр. 

«Жыл сайын елімізде онкологиялық ауруларға шалдыққандардың қатары артып келеді. Себебі, халықтың орта жасы өсу үстінде. Адамның орта жасы өссе, онкологиялық аурулар көбейе береді. Дегенмен, қазіргі уақытта онкологиялық аурулардан шетінеу көрсеткіші төмендеп келеді», - деді Қ.Нұрғазиев.

Оның атап өтуінше, мәселен, 100 мың адамға шаққанда онкологиялық аурулардан қаза болғандар саны 99,4 болса, қазір 94-ке төмендетілген.

Тізімге қайта келу