Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Аймақтарда дәрі-дәрмек бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдар жасалды - ҚР ДСӘДМ

14.04.2015

Аймақтарда дәрі-дәрмек бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдар жасалды - ҚР ДСӘДМ

14 Сәуір 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанның барлық аймақтарында әкімдіктер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бейіндік Комитеттерінің департаменттері мен фармацевтикалық ұйымдары арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдар жасалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен. 

«Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап, Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында әкімдіктер, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменттері мен фармацевтикалық қауымдастықтар арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды», делінген хабарламада.

2015 жылғы 30 наурызда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойған болатын.

Ведомствода мәлім болғандай, бұл құжатқа қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады.

«Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар және бөлшек сауданың өкілдері 2015 жылғы 1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер», - делінген министрлік хабарламасында.

Тізімге қайта келу