Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда биылғы алғашқы тоқсанда өлім-жітім көрсеткіші азайды - ҚР ДСӘДМ

14.04.2015

Қазақстанда биылғы алғашқы тоқсанда өлім-жітім көрсеткіші азайды - ҚР ДСӘДМ

14 Сәуір 2015, ҚазАқпарат

2015 жылғы 1 тоқсанда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6,1 пайызға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 61,6 адамды құраса, өлім-жітім 10 пайызға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 3,6 адам болды, деп хабарлады mzsr.gov.kz. 

2014 жылы осы дертпен сырқаттанушылық 2013 жылмен салыстырғанда 9,5%, өлім-жітім көрсеткіші 16% төмендеді. Жалпы соңғы 10 жылда елімізде туберкулезбен ауыратындар 55%, өлім-жітім 77% азайды. 

Айта кететін жайт, денсаулық сақтаудың пенитенциарлық секторында да ауру көрсеткіші 17,3% төмендеп, 2013 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 965,8 болса, 2014 жылы тиісінше 799-ды құрады. 

Туберкулездің дәріге төзімді түрлерін уақытында анықтау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде BACTEC MGIT-960, Hain-test және G-Xpert сияқты ауруды тез анықтайтын әдістер енгізілді. Науқастарды бактериологиялық зерттеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Туберкулезге шалдыққаны алғаш анықталған науқастарды емдеудің тиімділігі 86,4% жетті. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарты 85% құрайды. 

Елімізде соңғы жылдары туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтік қолдау көлемі де арта түсті. 2014 жылы бұл мақсатқа 553 млн. теңге бөлінді. 

2015 жылғы 17-19 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандағы туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау барысын бағалау үшін ДДҰ сарапшылары келді. Сапар барысында олар туберкулезді анықтау, диагностикалау және тіркеудің қолжетімділігі мен сапасын бағалады. 

Халықаралық сарапшылар республикада бұл салада бақылау жүйесі жолға қойылып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде туберкулезге шалдығушылықтың жаңа оқиғаларын анықтауда белсенді жұмыстар жүргізілетінін атап көрсетті. ДДҰ сапаршылары Қазақстандағы туберкулезді есепке алудың ақпараттық жүйесіне шынайы және сапалы деген баға берді.

Тізімге қайта келу