Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

«В» гепатитіне қарсы вакцинация індет деңгейін төмендетуде тиімділігін көрсетті

15.04.2015

«В» гепатитіне қарсы вакцинация індет деңгейін төмендетуде тиімділігін көрсетті

15 Сәуір 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанда «В» вирустық гепатитіне қарсы тұрғындарға екпе жасау нәтижесінде соңғы 20 жылда ауру деңгейі 23,7 есеге, балалар арасында 52 есеге төмендеді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сатау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде хабарланды.

«В» вирустық гепатиті, әсіресе балалар үшін қауіпті, өйткені дерттің клиникалық көріністері жиі байқала бермейді. Ауырған жағдайда балалардың 90 пайызы созылмалы вирус тасушыға айналады. Созылмалы «В» вирустық гепатитін жұқтырған кезде бауыр жасушаларын алмастыратын біріктіруші ұлпа өршіп, аталған орган қызметі бұзылады және бауыр циррозына әкеп соғуы ықтимал. 

«В» вирустық гепатиті түрлі жолдармен: стерилденбеген құралдармен жасалған инъекция арқылы, жыныстық жолмен, сырқат адаммен тұрмыстық бұйымдарды бірге пайдаланғанда жұғады. «В» гепатитіне шалдыққан жүкті әйелдер баласына вирус жұқтыруы мүмкін. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүкіл әлемде 2 млрд. адам «В» вирустық гепатитін жұқтырған. Жыл сайын «В» гепатитінің 4 млн. жуық оқиғасы және асқынған бауыр циррозынан немесе обырынан болатын 1 миллионға жуық өлім-жітім тіркеледі. 

«В» вирустық гепатитінің өткір түрін емдеуге арналған дәрілік препарат жоқ. Тек қолдау терапиясы жасалады. Сондықтан әлемнің көптеген елдерінде вакцинацияның көмегімен осы инфекциялық аурудың балаларға жұғуының алдын алуды жөн көреді. 

«В» вирустық гепатитіне қарсы вакциналық кешен бала 12 айға толғанға дейін үш екпе жасауды қарастырады. Алғашқы екпе сәби дүниеге келгеннен кейін 12 сағат ішінде жасалады. Қазақстанда «В» гепатитіне қарсы одан кейінгі екпелер балаға 2 және 4 ай болғанда жасалады. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда «В» вирустық гепатитіне қарсы вакцинация 1998 жылдан бері жүргізіліп келеді. 

Автор: Руслан Ғаббасов

Тізімге қайта келу