Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Соңғы 6 жылда елімізде дифтериямен ауыру жағдайлары тіркелмеді

21.04.2015

Соңғы 6 жылда елімізде дифтериямен ауыру жағдайлары тіркелмеді

21 Сәуір 2015, ҚазАқпарат

Иммундау - денсаулық сақтаудың ең табысты және тиімді әдістерінің бірі. Бұл туралы бүгін Еуропалық иммундау апталығының басталуына орай өкізілген брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой айтты.

«Иммунопрофилактика шағын шығындармен зор нәтижелерге қол жетізетін шаралардың бірі», - деген ол Қазақстанда тұрғындарды жоспарлы иммундау шарасын өткізу вакцинамен алдын алуға болатын көптеген ауруларды азайтуға мүмкіндік беріп отырғанын баса айтты.

Мәселен, елімізде қызылшамен ауыру 10 есеге, қызамықпен ауыру 68 есеге, эпидемиологиялық паротит 110 еседен астамға, «В» вирустық гепатиті 30,6 еседен астамға, ал аталған инфекцияға қарсы егілетін балалар арасында 200 есеге азайған. 

«Иммундау - денсаулық сақтаудың ең табысты және тиімді әдістерінің бірі. Ол адамның және жалпы халықтың денсаулығын сақтауда үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді А.Цой. 

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, Қазақстан 2002 жылдан полиомиелиттен азат аумақ ретінде сертификатталған. Соңғы 6 жылда елімізде дифтериямен ауыру жағдайлары тіркелмеген.

Тізімге қайта келу