Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда жыл сайын 5 млн. адамға инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалады

21.04.2015

Қазақстанда жыл сайын 5 млн. адамға инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалады

21 Сәуір 2015, ҚазАқпарат

Қазақстанда жыл сайын 5 млн. адамға инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалады. Бұл туралы бүгін Еуропалық иммундау апталығының басталуына орай өткізілген брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой айтты. 

«Қазақстанда жыл сайын 5 млн. адамға, оның ішінде 1,3 млн. балаға инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалады. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат аурудың алдын алуға, ал елге сырттан келген жағдайда оны тараптауға және жоюға бағытталған», - деді ол.

Оның атап өтуінше, тұрғындарды вакцинациялау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 21 инфекциялық ауруға қарсы тегін жүргізіледі. ТМД елдері бойынша ең үздіктердің бірі саналатын Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау талаптарына сай келеді. Сонымен бірге Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония сынды дамыған елдердің иммундау кестесіне ұқсас. 

«Республикада тұрғындарды иммундауға мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар ғана пайдаланылады. Бұған қоса, балаларды кепілдік берілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ДДҰ сертификаттаған вакциналарды ғана сатып алады», - деді А.Цой.

Тізімге қайта келу