Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

ҚР ДСӘДМ мен әлемге әйгілі «Джонсон&Джонсон» өзара ынтымақтасатын болды

24.05.2015

ҚР ДСӘДМ мен әлемге әйгілі «Джонсон&Джонсон» өзара ынтымақтасатын болды 

24 Мамыр 2015, ҚазАқпарат 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен «Джонсон&Джонсон» жауапкершілігі шектеулі қоғамының ТМД елдері бойынша директоры Алексей Кузнецов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Меморандумның басты мақсаты - тараптардың Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған өзара ынтымақтастығы боп табылады. 

ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық әлеуметтік маңыз бар аурулар бойынша бірқатар бағыттарды қарастырады. Соның ішінде әлеуметтік маңызды аурулардың қазіргі заманғы терапиясы мәселелерінде денсаулық сақтау мамандарының білім деңгейін арттыру мақсатында ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу және олардың диагностикасы мен терапиясын елімізде клиникалық тәжірибеге енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу бар. Сондай-ақ науқастарды емдеу деңгейін арттыру бойынша бағдарламалар енгізу, науқастар тізілімін құруға көмектесу және тәжірибелерді зерттеу қолға алынбақ. Әрі, жоғарыда аталған бағыттар бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидалары мен тетіктерін қарастыру көзделген.

Еске сала кетейік, «Джонсон&Джонсон» фармацевтикалық компаниясы - әлемге әйгілі ірі корпорация. Компания өндіретін дәрілік заттар мен медициналық қондырғылар Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пайдаланылады.

Тізімге қайта келу