Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Үш жақты меморандум АИТВ дертіне шалдыққандарды жаңаша емдеуге мүмкіндіктер береді - Б. Байсеркин

22.05.2015

Үш жақты меморандум АИТВ дертіне шалдыққандарды жаңаша емдеуге мүмкіндіктер береді - Б. Байсеркин

22 Мамыр 2015, ҚазАқпарат 

Бүгін Алматыда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық орталық, Қазақстандағы «Джонсон &Джонсон» ЖШҚ және Қазақстанның АИТВ дертіне шалдыққандар одағы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуеттік даму министрлігі ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркиннің айтуынша құжатқа қол қоюдағы басты мақсат - АИТВ мен ЖИТС індеттеріне қарсы тұруда өзара ынтымақтастықты дәлелді медицина қағидаттарына сүйене отырып нығайту. Үш жақты меморандум елімізде АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) дертіне шалдыққандырды жаңаша емдеуге мүмкіндіктер береді.

«Ынтымақтастықтың негізгі салалары белгіленіп қойылды. Мұны мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ фармацевтикалық компаниялар арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа кезеңі деуге болады. Енді өзара жан-жақты тәжірибе алмасуға жол ашылады. Халықаралық шараларға қатысуға және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік туады», - деді ол.

«Джонсон&Джонсон» компаниясы түрлі аурулармен әлемнің түкпір-түкпірінде күресіп келеді. Енді мемлекеттік және жеке ұйымдармен ынтымақтаса отырып, компания әр түрлі терапевтік бағытта емдеу, диагностика жасау және індеттің алдын алу бойынша жаңа кешенді бағдарламаларды әзірлейтін болады», - деді өз кезегінде Қазақстандағы «Джонсон &Джонсон» Жауапкершілігі шектеулі қоғамы филиалының басшысы Әділет Назарбаев.

Орталық Азиялық АИТВ індетіне шалдыққан адамдар қауымдастығы мен Қазақстандық одақтың төрағасы Нұралы Аманжоловтың айтуынша осы құжаттың арқасында АИТВ дертіне шалдыққандар ертеңгі күніне сеніммен қарайтын болады.

«АИТВ, ЖИТС дерттерімен күресте мемлекеттің, бизнестің және пациенттік қоғамдастықтардың бірлесуі, тиімді баға белгіленімі, заманауи препараттарды сатып алу тендерлерінің ашық болуы мыңдаған адамның денсаулығын сақтауға және жақсартуға, мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Н. Аманжолов.

Тізімге қайта келу