Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда дәрі-дәрмектердің әрбір азаматқа қолжетімді болуын қамтамасыз ететін Ұлттық дәрілік формуляр жасалуда

30.07.2015

Қазақстанда дәрі-дәрмектердің әрбір азаматқа қолжетімді болуын қамтамасыз ететін Ұлттық дәрілік формуляр жасалуда

30 Шілде 2015, ҚазАқпарат 

2015 жылдың соңына дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары әлеуметтік жағдайы мен табысының мөлшеріне қарамастан әрбір азаматқа дәрілік көмекті қолжетімді етуді қамтамасыз ететін, дәрілердің шектеулі бағасы белгіленген Ұлттық дәрілік формулярды әзірлейді. Ұлттық дәрілік формулярға клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілер ғана енгізіледі. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Формулярды жасау кезінде фармакотерапияны жүргізу барысында алдыңғы қатарлы тәжірибе мен дәлелдерге негізделген халықаралық тәсілдер қолданылмақ. Жоғарыда айтылған құжатты дайындау үшін әлемде үздік деп танылған Британ ұлттық дәрілік формулярын жасаушы Дункан Энрайт шақырылды. Одан басқа Ұлттық формулярды әзірлеуге Еуропаның, Австралияның ең үздік сарапшылары, сондай-ақ отандық мамандар қатысуда.

Ұлттық дәрілік формуляр Қазақстанда бірінші рет әзірленіп жатқанын атап өту керек.

Оны әзірлеу кезінде клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік препараттарды тұтыну деңгейін, әр ауруды емдеу курсының бағасын зерттеу бойынша мәліметтер қолданылады.

Ұлттық дәрілік формулярдың жасалуы бәсекелестік ортаны кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ, дәрілердің қажеттілігін есептеуге және пациентке бағдарланған дәрі-дәрмекті сатып алуға мүмкіндік береді.

Дункан Энрайттың пікірінше, Ұлттық дәрілік формуляр азаматтарға дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оларды тиімді сатып алу есебінен бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей құжат болмақ.

«Біздің халықаралық сарапшылар командасы басқа да жобалар, соңымен қатар осы тәрізді ең алғашқы ресурс - Британдық Ұлттық формуляр бойынша жұмыс жасаған болатын. Қазақстанның Ұлттық дәрілік формуляры білімнің жаңа ресурсын қамтамасыз етуді, формулярлық жүйені нығайтуды, сондай-ақ медициналық дәлелдерді пайдалануға жәрдемдесуді мақсат тұтатын тұңғыш жаңа формуляр», - дейді Дункан Энрайт.

Одан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарға шектеулі баға қалыптастыру жөнінде халықаралық тәжірибе негізінде жаңа ережелер әзірленген болатын.

Тізімге қайта келу