Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

«СК-Фармация» алдындағы медицина ұйымдарының берешегі жоғары болып отыр

01.10.2015

Қазақстанның Бірыңғай дистрибьюторы дәрілік заттарды орталықтандырып сатып алу бойынша қасақана төлемеушілерге қатысты сот өндірісін бастайды.  

Бұдан алдын хабарлағандай, «СК-Фармация» медицина ұйымдарының жеткізілген дәрілер мен медицина бұйымдары үшін шамамен 15 млрд. теңге берешегі бар.

«СК-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы Басқарма Төрағасының орынбасары М.Касаткин ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша медицина ұйымдарының оларға жеткізілген дәрілер мен медицина бұйымдары үшін Бірыңғай дистрибьютордың алдындағы берешегі 13 млрд. теңгеге дейін азайды деп хабарлады.

Өткізілген селекторлық отырыстың барысында М. Касаткин «Жеткізілген дәрілік заттар үшін Қостанай облысының мерзімі өткен берешегі он күн өткеннен кейін толығымен өтелді. Бірақ аталмыш бағытта жекелеген өңірлермен жұмыстар ешқандайда жүзеге асырылмайды. Сонымен, 30-шы қыркүйек айындағы жағдай бойынша Алматы облысының медицина ұйымдарының берешегі  2,4 млрд. теңгені, Ақмола облысы бойынша – 690 млн.тенгені, Қарағанды облысы бойынша – 550 млн.теңгені, Атырау облысы бойынша – 350  млн.тенгені және Алматы қаласы бойынша 2,4 млрд.теңгені құрайды»,- деп мәлімдеді.

Оның айтуынша Бірыңғай дистрибьютор қасақана төлемеушілерге қатысты сот өндірісін бастауға мәжбүр. Ол медицина ұйымдарының басшыларын мәселелерді шешуге байсалдылықпен қарауға және өзінің шарттық міндеттемелерін мерзімінде орындауға шақырды.  

Шарттық міндеттемелерді мерзімінде орындамау 2016 жылы дәрілік қамтамасыз ету мерзіміне кері әсер етуі мүмкін. 


Тізімге қайта келу