Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

«СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының конкурстық комиссиясы бағаны төмендетудегі аукцион қағидаты бойынша 2016 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы тендерлік процедураның екінші кезеңін өткізді

10.11.2015

«СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының конкурстық комиссиясы бағаны төмендетудегі аукцион қағидаты бойынша 2016 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы тендерлік процедураның екінші кезеңін өткізді.

10 қараша 2015,  "СК-Фармация"ЖШС баспасөз қызметі

2015 жылы 9 қарашада «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының конкурстық комиссиясы бағаны төмендетудегі аукцион қағидаты бойынша 2016 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы тендерлік процедураның екінші кезеңін өткізді.

79 млрд. теңге сомасындағы  725 жарияланған лотқа 55 әлеуетті жабдықтаушы өтініш берді. Олардың ішінде 36 әлеуетті жабдықтаушы  екінші кезеңге өткізілді. 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы конкурстық ашықтығын қамтамасыз ету үшін «СК-Фармация» ЖШС екі кезеңдік процедураны пайдаланып тендер өткізеді.

Бірінші кезеңде тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнаманың көрсетілген талаптарына  сәйкестігі тексеріледі. Екінші кезеңде бағаны төмендетудегі аукцион қағидаты бойынша бағаны белгілеу анықталады.

Әлеуетті жеткізушілерге «СК-Фармация» ЖШС-ның Басқарма төрағасының орынбасары Касаткин Максим: «Біз тек әлеуетті жеткізушілергедәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдары тек қолданыстағы заңнамаларға сәйкес болуына ғана талаптар қоямыз. Бірыңғай дистрибьюторының сатып алу негіздері ДДҰ дәрілік заттарын сатып алу тәжірибелерінің тиісті қағижаттарына сай келуі. Препараттарды таңдаудың бірінші критерилері – сапа, сосын баға»,- деген болатын.

Осы жерде айта кету керек, конкурстық ашықтығын қамтамасыз ету мақсаттарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша  2016 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік процедуралардың екінші кезеңін жүргізу  бірінші рет онлайн режимінде өткізіледі. Барлық мүдделі тұлғалар және қатысуға өтініш берушілер өздерінің жұмыс орындарында отырып-ақ конкурс барысын қадағалауға мүмкіндіктері бар. Қазіргі уақытта  1 803адам тіркелген.

«Самұрық-Қазына Фармация»  ЖШС компаниясы 2009 жылдың ақпанында дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғарландыру арқылы фармацептикалық өніркәсіпті дамыту, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық салаларының орнықты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында құрылған. Серіктестік тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмек заттарын сатып алу және қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютордың функциясын жүзеге асырады.


Тізімге қайта келу