Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

HR

Компаниядағы мансап

Біздің қызметкерлер: өз ісінің шеберлері – ең жоғарғы нәтижелерге бағытталған және мақсатқа ұмтылу. Біз қазақстандық фармацевтикалық саланы дамытуға өз үлесін қосқысы келетін талантты, мақсатқа ұмтылған және жетістікке жетуге сенімді адамдарды іздейміз.

Қызметкерлерді жиынтықтау төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Бос лауазым болған жағдайда «СҚ-Фармация» ЖШС веб-сайтында хабарлама және ізденушіге қойылатын біліктілік талаптар жарияланады.
  • Әкімшілік бөлімі лауазымға талап етілген біліктілік талаптарға сәйкес ізденушілерді алғашқы іріктеу жүргізіледі. Талаптар түйіндемеге сәйкес болған жағдайда құрылымдық бөлімшенің басшысымен және бұдан әрі Компанияның Басқарма төрайымымен әңгімелесу үшін ізденушілер шақырылатын болады.
  • Әңгімелесудің барлық кезеңінен өткен ізденушілер «СҚ-Фармация» ЖШС-ға жұмысқа орналасу үшін шақырылатын болады.
  • Түйіндемені мына мекен-жайға жіберуге болады: «СҚ-Фармация» ЖШС, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 18, «Тұран» бизнес орталығы, А 203 бөлме немесе мына веб-сайтқа қалдыруға болады: www.sk-pharmacy.kz (Компанияның сайтында бос лауазым болған жағдайда).