Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Баспасоз релиз СК-Фармация

04.02.2010

Баспасөз релизі


Фармацевтикалық нарықта
отандық өндірістің үлесі 23%-ға дейін ұлғайды

2010 жылғы 4 ақпан

Елдің фармацевтикалық нарығында қазақстандық өндірісті қамту 10-нан 23%-ға дейін өсті. 6,5 миллиард теңге сомасында 167 дәрілік заттардың атауы бойынша жеңімпаздар болып отандық зауыттар танылды. Бұл тендердің Бірыңғай дистрибьюторымен жүргізілген қорытындылар.

2009 жылдың аяғында «СК-Фармация» тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде 2010 жылға арналған дәрілік заттарды сатып алу бойынша ашық конкурс өткізді. Бірыңғай дистрибьютор 745 дәрілік заттардың атауы бойынша сатып алуды жүргізді (бұл сатып алынатын препараттардың жалпы көлемінен түсетін 70 пайызы).

Өткен тендердің қорытындылары бойынша Бірыңғай дистрибьютор осы мақсаттарға көзделген 34,45 млрд.теңгеден 4,6 млрд.теңгеге бюджеттік қаражатты үнемдеуге қол жеткізді. Үнемделген қаражатқа өмірлік маңызы бар препараттарды қосымша сатып алуды жүргізуді болжап отыр.

«СК-Фармация» компаниясы жалпы сомасы 29,9 млрд. теңгеге 39 жеткізушімен шарт та жасасты. Қол қойылған шарттарға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап елдің 1094 емдеу мекемелеріне дәрілік заттарды жеткізуді толық көлемде жүзеге асыра бастайды.

2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz

Тізімге қайта келу