Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

03.03.2010

Баспасөз релизі

Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттармен медициналық мекемелерді толыққанды қамтамасыз ете бастады

2010 жылғы 3наурыз Астанақаласы

Кейінгі уақытта Бірыңғай дистрибьютордың атына елдің емдеу-алдын алу мекемелеріне (бұдан әрі - ЕАМ) дәрі-дәрмектерді жеткізуге, сондай-ақ сатып алынатын препараттардың сапасына қатысты көптеген сұрақтардың түсуіне байланысты «СК-Фармация» мынадай түсініктемелер береді:

1 наурыздағы деректер бойынша «СК-Фармация» компаниясы 837 емдеу мекемесінде саны 103 млн.бірліктен астам 404 түрлі атаудағы дәрілік заттарды жеткізуді жүзеге асырды. Медикаменттердің қалған бөлігі жолда және таяу арада ауруханаға жеткізілетін болады.

Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды (бұдан әрі – ДЗ) және медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – ММБ) сатып алу бойынша тендерді тапсырыс берушілерден өтінімдерді беру мерзімдерінің созылуына және бірқатар нормативтік құжаттардың кеш шығуына байланысты желтоқсан айының соңында өткізілгенін атап өткен жөн. Конкурс қазан айында өтеді деп белгіленгенін естеріңізге саламыз. Қорытындылай келе, 39 жеткізушімен желтоқсанның соңынан бастап қаңтардың басы аралығындағы кезеңге шарттар жасалды. Осыған байланысты, жеткізушілермен жасалған шарттарға сәйкес (жеткізу мерзімі 60 күнге дейін) бүгінгі таңда ЕАМ дәрілік заттармен толық қамтамасыз ету басталды. Заттарды ішінара жеткізу ақпан айының басынан басталды. Бұрынғы жылдары өңірлік бағдарламалар бойынша дәрілік заттарды жеткізу наурыз-сәуірде, республикалық бойынша – тиісті жылдың мамыр-маусымында басталатынын атап өткен жөн.

Бұдан басқа, 7 желтоқсанда Үкімет 2010 жылғы қаңтар-ақпанына арналған дәрілік препараттардың қажетті екі айлық қорын өңірлерде қалыптастыруды денсаулық сақтау ұйымдарына тапсырды. Оның үстіне, ақпан айының басында бірнеше ЕАМ-де желтоқсан айының аяғында емдеу мекемелері ДЗ жеткілікті көлемін растағанына қарамастан, препараттар тапшылығы пайда болды.

Отандық зауыттарды қоса алғанда, бірқатар жеткізушілерде резервтердің бар болуы «проблемалық» ЕАМ-де қажетті дәрі-дәрмектерді тиеп жөнелтуді бастауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, дәрі-дәрмектердің тапшылығын болдырмау үшін Үкімет денсаулық сақтау ұйымдарына айлық қажеттілік шегінде ең қажетті медикаменттерді дербес сатып алуды жүргізуге рұқсат берген болатын (2010 жылғы 4 ақпандағы № 66 ҚРҮҚ). Үкіметтің тиісті қаулысы күшіне енді және ағымдағы жылдың 10 наурызына дейін әрекет етеді.

2010 жылға арналған препараттарды сатып алу қорытындылары бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда белгіленген шекті бағалардың 4,5 миллиардтан астам теңгесін құрады, бұл ретте бірқатар ұстанымдар бойынша сатып алу бағаларын төмендету 80%-дан астамды құрады. Қазақстандық өндірісті қамту10-нан бастап 23%-ға дейін өсті. 6,5 миллиард теңге сомасында ДЗ 167 атауы бойынша отандық зауыттар жеңімпаз болып танылды. Бірыңғай дистрибьютор өткізген тендердің қорытындысы осындай.

Сатып алынатын ДЗ сапасына қатысты, «СК-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор өз қызметінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сүйенетіні туралы хабарлайды.

Аталған құжат тендерде сатып алынатын препараттарға қойылатын талаптар анық жазылған (4-тарау, 12 және 14-тармақтар). Барлық жеткізілетін ДЗ мен ММБ-дың сапасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Сараптау Орталығында қатаң бақыланатынын естеріңізге саламыз.

Дәрі-дәрмектерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізді, мұнда бірінші кезеңде сатып алынатын ДЗ мен ММБ-ға қойылатын талаптарға ұсынылатын өнімдердің (сапасы мен тиімділігі) сәйкестігіне талдау жүргізілді және екінші кезеңде ғана баға өз рөлін атқарды. Тендерге қатысуға уәкілетті орган Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берген препараттар ғана жіберілді. Осылайша, баға факторы сатып алынатын препараттардың сапасы мен тиімділігін растаған соң ғана қолданылды.

Қант диабеті бар емделушілер үшін инсулиндік шприцтерді сатып алу себебі бойынша «СК-Фармация» мынаны хабарлайды. ЕАМ өтінімдеріне сәйкес инсулиндерді енгізу үшін саны 3,5 млн. дана Bioject, Қытай (0,32 мм), сондай-ақ саны 1,5 млн.дана Vogt Medical, Германия (0,4 мм) екі түрлі мөлшердегі инелері бар шприцтер сатып алынды, барлық сатып алынатын шприцтерде қолдану бірліктері бойынша қажетті таңбалауы бар. Барлық сатып алынған шприцтер Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және медициналық қолдану мен сатуға рұқсат етілген. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алынатын және сатылатын ДЗ мен ММБ-ға 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 1729 ҚР Үкіметінің қаулысында көзделмеген талаптарды белгілеуге құқығы жоқ екенін атап өту керек. Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы Қытайдың Bioject өндірісінің шприцтерін сатып алды және бүгінгі күнге дейін уәкілетті органға олардың сапасы бойынша ешбір ресми шағымдар және қандайда болмасын сөгістер түскен жоқ.

Гидроксикарбамид препаратын сатып алуға қатысты («Гидреа» саудалық атауы). «СК-Фармация» ЖШС Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен тізіміне сәйкес, сондай-ақ ЕАМ-нен түскен өтінімдер негізінде ДЗ мен ММБ толығымен сатып алуды жүзеге асырады. Гидроксикарбамид препараты 20 млн.теңге сомаға сатып алынды (Гидроксикарбамид Медак саудалық атауы, Германия). Емделушілер, лейкемиямен ауыратындарды емдеу үшін осы препараттан басқа, «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын және ЕАМ-нен түскен ұсынымдарда көрсетілген ДЗ мен ММБ тізіміне енген басқа препараттар да сатып алынған болатын.

Бүгінгі таңда «СК-Фармация» ЖШС сатып алынған препараттарды бағаларына талдау жүргізеді. Салыстыру үшін жүргізілген талдау барысында анықталған бірқатар мысалдар төменде келтірілген:

1) «СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Аторвастатин препараты (10 мг таблетка) ауруханаларға бір таблеткасына 15,76 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы СҚО Денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты таблеткасына 127 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 800%-ға қымбат;

2) «СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Ванкомицин препараты (1000мг) ауруханаларға бір флаконы үшін 1140,8 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты бір флаконы үшін 3090 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 270%-ға қымбат;

3) СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Гемцитабин препараты (200мг) ауруханаларға бір флаконы үшін 4824,25 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты бір флаконы үшін 16341 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 350% %-ға қымбат;

4) СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Гемцитабин препараты (1000мг) ауруханаларға бір флаконы үшін 23208,15 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты бір флаконы үшін 54116 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 230%-ға қымбат;

5) СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Доксорубицин препараты (10мг) ауруханаларға бір флаконы үшін 586,5 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты бір флаконы үшін 1428 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 240%-ға қымбат;

6) СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Доксорубицин препараты (50мг) ауруханаларға бір флаконы үшін 2530 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы ОҚО денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты бір флаконы үшін 7195 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 280%-ға қымбат;

7) СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Оксалиплатин препараты (50мг) ауруханаларға бір флаконы үшін 9878,5 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты бір флаконы үшін 60995 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 620%-ға қымбат;

8) «СК-Фармация» прайс-парағына сәйкес Октреотид препараты ауруханаларға бір ампуласы үшін 2219,5 теңге бағамен жеткізіледі, 2009 жылы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы осы препаратты бір ампуласы үшін 5030 теңгемен сатып алған, бұл «СК-Фармация» ЖШС-нің бағасынан 220%-ға қымбат.

Еліміздің тұрғындары үшін осы мәселенің әлеуметтік маңызды болуына байланысты Бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізудің жай-күйі туралы үнемі хабардар етуге ниет білдіріп отыр.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу