Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

16.03.2011

Баспасөз хабарламасы

2011 жылғы 16 наурыз Астана қаласы

«СҚ-Фармация» компаниясы тендер өткізіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымы бойынша жалпы сомасы 110 млн. Теңге болатын балаларға арналған нағыз (брендалық) АРВ-дәрі-дәрмектерін сатып алды.

Бұрынырақ айтылып кеткендей, осы дәрі-дәрмектерді жеткізу ағымдағы жылғы сәуірде басталатын болады.

«АРВ-дәрі-дәрмектері АҚТҚ (ЖҚТБ) емдеуге қолданылады. Осы топқа дәрі-дәрмектердің әлеуметтік маңыздылығының жоғары болуын ескеріп, біз АРВ-дәрі-дәрмектерімен жағдайды тұрақты мониторингілеп отырамыз. Ерекше бақылауда – ауру балаларды қамтамасыз ету. Сондықтан, жеткізушілерге осы дәрі-дәрмектерді жеткізудің өте қысқа мерзімі белгіленді», - деп «СҚ-Фармация» ЖШС маркетинг және даму департаментінің директоры Арнұр Нұртаев.

ӘДҰ-ның ұсынымына және жоғары сапалы дженериктерді пайдалану жөннідегі халықаралық стандарттарға қарамастан, балалар үшін нағыз (брендалық) АРВ-дәрі-дәрмектері сатылып алынып жатқандығын және сатылып алынатындығын атап өтеміз.

«СҚ-Фармация» ЖШС Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесі шеңберінде стационарлық емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды емдеу мекемелеріне сатып алумен және жеткізумен айналысады. Жалғыз ерекшелік – бұл гемофилиямен ауыратын ересек ауруларға арналған қанның ұю және диабетпен ауратындар үшін инсулиндер факторлары жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуды және оларды жеткізуді, сондай-ақ амбулаторлық ауруларды емдеуге арналған препараттарды сатып алу және жеткізуді жергілікті басқару органдары жүзеге асырады.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу