Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

31.03.2010

Баспасөз хабарламасы

Бірыңғай дистрибьютор емдеу мекемелерінің дәрілік заттармен қамтамасыз етілу жағдайы туралы хабарлайды

2010 жылғы 31 наурыз Астанақаласы

30 наурыздағы деректер бойынша «СҚ-Фармация» компаниясы еліміздің 1078 емдеу мекемесіне дәрілік заттардың 590 түрін жеткізген. Бірыңғай дистрибьютор шамамен 3 млрд. теңгеге дәрілік заттарды жеткізуді жүзеге асырды, ол ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларына жеткізу жоспарының 50%-ын құрайды.

Облыстар шеңберінде барлық өңірлерде дәрілік заттарды жеткізу шамамен және 50%-дан артық. Мысалы, Маңғыстау облысының емдеу мекемелеріне 2.2 млн. бірлік (ақпан-наурыз жоспарынан 80% - 2.6 млн. бірлік) дәрілік заттардың 234 түрін жеткізді. Ақмола облысының ауруханаларына 3.2 млн. бірлік (жоспардан 80% - 4,5 млн. бірлік) дәрілік заттардың 358 түрін жеткізді.

Уақытында жеткізуді кідірту жағдайлары көбінесе дәрілік заттарды басқа елдерден әкелінетін дистрибьюторлардың үлесінде. Соған қарамастан, жеткізушілер қоймаларында дәрілік заттардың болуы тапшылық туындаған ауруханаларға аздап жеткізуге мүмкіндік берді.

СҚ-Фармация өткізген тендерлердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың 745 түрін сатып алғандығын бұрынырақ хабарлады, ол ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілді көлемі) шеңберінде сатылып алынатын дәрілік заттардың 70 пайызын құрады.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу