Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

23.04.2010

Баспасөз хабарламасы

Бірыңғай дистрибьютор емдеу мекемелеріне дәрілік заттарды жеткізу жөніндегі ағымдағы жағдай туралы хабарлайды

2010 жылғы 23 сәуір Астанақаласы

Бірыңғай дистрибьютор тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде еліміздің медициналық мекемелеріне дәрілік заттардың жеткізілуін жүзеге асыруды жалғастыруда.

2010 жылғы 23 сәуірдегі деректер бойынша «СҚ-Фармация» компаниясы наурыз-сәуір айларына жоспарлы жеткізу көлемінен 88%-ға жеткізуді жүзеге асырды. Компания наурызда дәрі-дәрмектерді жеткізу жөніндегі міндеттемені 97,3%-ға орындады, сәуірде көрсеткіштер 80,9%-ды құрайды (сәуір айына тиеу жұмыстары аяқталған жоқ).

Ағымдағы жылдың наурызынан бастап «СҚ-Фармация» дәрі-дәрмектің 745 түрі бойынша толыққанды жеткізуді жүзеге асыратындығын атап өткен жөн. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен Бірыңғай дистрибьютордың тізімінен 135 дәрілік заттар шығарылған.

Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында жалпы сомасы 3,1 млрд. теңге болатын, оның ішінде «СҚ-Фармация» тізімінен бұрынырақ шығарылған 673 дәрі-дәрмек бар.

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында емдеу-алдын алу мекемелерін (ЕАМ) дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы шындыққа қайшы келетін ақпарат ұсынылып жүр. Осы сәйкеспеушіліктер көптеген медициналық мекемелердің жеткізулер туралы ақпаратты 2010 жылдың басынан бастап ұсынғандығынан орын алып отыр.

«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор толыққанды жеткізуді ағымдағы жылдың наурызынан бастағандығын атап өткен маңызды деп есептейді. 10 наурызға дейін емдеу мекемелеріне дәрілік заттарды дербес сатып алуға рұқсат етілді (ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 66 қаулысы). ЕАМ өтінімдерде көрсетілген көлемнен артық қосымша дәрі-дәрмек көлемін сұраған жағдайда осындай жалған мәліметтер туындады.

Еліміздің халқы үшін осы мәселенің әлеуметтік маңыздылығына орай, Бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға дәрі-дәрмектің жеткізілу жағдайы туралы тұрақты хабарлап тұруға ниет білдірді. Жуық арада «СҚ-Фармация» ЕАМ-ды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы компанияның веб-сайтында www.sk-pharma.kz хабарлауды жоспарлап отыр.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу