Пресс-релиз СК-Фармация
Баспасөз хабарламасы
Бірыңғай дистрибьютор бес отандық фармацевтикалық компаниямен дәрілік заттарды жеткізу жөнінде ұзақ мерзімді келісім жасады
2010 жылғы 10 маусым Астана қаласы
Астана қаласында «Самұрық-Қазына» Қорына кіретін «СҚ-Фармация» компаниясы мен бес отандық фармацевтикалық компания арасында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізу жөнінде Ұзақ мерзімді Шартқа қол қойылды.
Бірыңғай дистрибьютор «Глобал Фарм» БК-мен, «Ромат» ФК-мен, Павлодар Фармацевтикалық Зауытымен, Нобел АФФ-пен, Қарағанды Фармацевтикалық Кешенімен келісім жасады.
Отандық компаниялар 7 күн ішінде жаңа фармацевтикалық өндірістердің құрылысын аяқтауға және тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарына (GMP) сәйкес өздерінің өндірістік алаңдарын жаңғыртуға міндеттенеді. Өндірістерді пайдалануға берілген жағдайда қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер төмендегілерді шығаратын болады:
1) «Ромат» ФК – туберкулезге қарсы, онкологиялық, анемияға қарсы, қан тоқтататын және жан сақтау дәрі-дәрмектерінің 69 түрін (инфузиялық және дәрі жіберу ерітінділерін, тамшылар мен жеміс суларын, ұнтақтар мен майлар, шприцтар және т.б.);
2) Павлодар Фармацевтикалық Зауытын – туберкулезге қарсы, кардиологиялық, тромболитикалық дәрі-дәрмектердің және антибиотиктердің (лиофильдік ұнтақтар, таблеткалар және капсулалар) 49 түрін;
3) Қарағанды Фармацевтикалық Кешені – онкологиялық, кардиологиялық және биосимилярлық дәрі-дәрмектер (ингаляцияға арналған сұйықтықтар, дәрі жіберу ерітінділері, таблеткалар мен капсулалар және т.б.) 34 түрін.
4) Нобел АФФ –кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, гормональдық дәрі-дәрмектер және антибиотиктер (сұйық пішіндер, суспензиялар мен майлар, таблеткалар мен капсулалар) 80 түрін;
5) «Глобал Фарм» БК – вирусқа қарсы, естен тандырғыш заттарға қарсы, гастроэнтерологиялық және қантты төмендететін дәрі-дәрмектердің (дәрі жіберу ерітінділері, таблеткалар мен капсулалар) 131 түрін.
Жаңа өндірістік алаңдарды пайдалануға енгізгеннен кейін «СҚ-Фармация» компаниясы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде осы зауыттардан заманауи дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асыруды бастайды.
Бірыңғай дистрибьютор мен отандық өндірушілердің ұзақ мерзімді негізде ынтымақтастығы Қазақстанның барлық фармацевтикалық индустриясын дамытуға маңызды серпіліс береді, экспорттық әлеуеті бар жаңа жоғары технологиялық кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді.
Үкімет қабылдаған отандық фармацевтикалық индустрияны қолдау жөніндегі шаралар нарықтағы қазақстандық дәрі-дәрмектер үлесін 2014 жылға дейін 50%-ға жеткізу жөніндегі Елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталған.
Өткен жылдың соңында осындай шарт ірі отандық фармацевтикалық өндірушімен – «Химфарм» компаниясымен қол қойылғандығын атап өтеміз.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.
«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



