Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

02.07.2010

Баспасөз релизі

Бірыңғай дистрибьютордың медициналық мекемелерді гемофилиямен ауыратындарды емдеуде қолданатын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ол 63%-ын құрайды

2010 жылғы 2 шілде Астана қаласы

Бірыңғай дистрибьютор үш айға (маусым, шілде, тамыз) қажеттілікті ескере отырып денсаулық сақтау ұйымдарына дейін гемофилиямен ауыратындарды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттарды (иммунин, октанат, когенейт, рекомбинат) жеткізуді жүзеге асырды.

Сонымен бірге, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында гемофилиямен ауыратындарды емдеу үшін дәрілік заттар бойынша үш айлық қор бар, ол жеткізулердегі іркілістер мүмкіндіктерін толығымен болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың қыркүйегіне қарай «СК-Фармация» 2011 жылдың шілдесіне дейін жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектерге он айлық қоры болады.

Бүгінгі таңда қан факторлары және емдеудегі іркілістер бойынша дәрі-дәрмектердің жеткізілмегендігі бойынша бірде-бір шағым түскен жоқ.

2010 жылы «СК-Фармация» компаниясы 3,5 млрд.теңге сомаға гемофилиямен ауыратындарды емдеу үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуды жүргізген болатын.

Үлкендер мен балалар үшін қан факторлары бойынша дәрі-дәрмектер республикалық және жергілікті бағдарламалар бойынша тиісінше сатып алынатынын атап өткен жөн. «СК-Фармация» республикалық бағдарламалар бойынша, яғни үлкендер үшін дәрілік заттарды сатып алуды жүргізеді. Балаларды, гемофилиямен ауыратындарды емдеуде қолданылатын қан факторлары бойынша дәрі-дәрмектер денсаулық сақтау ұйымдарының өзіне тікелей жергілікті бюджеттердің есебінен сатып алынады.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу