Пресс-релиз СК-Фармация
Баспасөз хабарламасы
«СҚ-Фармация» полиомиелиттік вакциналарды жеткізу жөнінде келісім жасады
2010 жылғы 27 шілде Астана қаласы
Қазақстан Республикасымен тікелей көлік қатынасы бар елдерде полиомиелитпен ауыру жөніндегі эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына және біздің елімізге инфекцияның кіру қаупіне байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 6 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы бір жолғы қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдады.
«СҚ-Фармация» компаниясы ЮНИСЕФ Біріккен ұлттар ұйымының балалар қорымен полиомиелиттің туындауының және таралуының алдын алу үшін полиомиелит вакциналарын (2 миллионнан астам мөлшер) жеткізу жөнінде тікелей келісім жасады. Өндірушілермен тікелей байланыс жасау жеткізу мерзімін 120 күннен 28 күнге дейін қысқартады, ол балаларды жаппай егуді ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастауға мүмкіндік береді.
Әлемдік өндіруші, GlaxoSmithKline британдық компания ЮНИСЕФ ББҰ Балалар қорына қосымша жеңілдіктер жасады, онымен шарт жасаудың арқасында бюджет қаражатын 40%-ға немесе 40,5 млн. теңгеге үнемделді.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.
«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



