Пресс-релиз СК-Фармация
Баспасөз релизі
2010 жылғы 22 қыркүйек Астанақ.
Бүгінгі таңда «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының конкурстық комиссия мүшелері дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу ережесін түсіндіру жөнінде әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды бойынша конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «СК-Фармация» ЖШС екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізеді.
Бірінші кезеңде тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнаманың көрсетілген талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Екінші кезеңде ең төменгі баға анықталады.
Ол үшін барлық әлеуетті жеткізушілер ұсынған бастапқы бағалы ұсыныстар, оның ішінде лот бойынша ең төменгі баға ұсыныстары жарияланады және бағалы ұсынысты төмендету ұсынылады. Әлеуетті жеткізушілер 5 минут ішінде жаңа төмен бағалы ұсыныстарды беруге құқылы. Осылайша, Бірыңғай дистрибьютор төмендетуге арналған бағасы бар аукцион ұстанымы бойынша конкурс өткізеді.
Бұл ретте сатып алуды мынадай ұстанымдарды сақтай отырып өткізеді:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелестік;
3) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен айқындығын;
4) отандық өндірушілердің қолдауын.
Тегін медициналық кепілденген көлемі шеңберірдегі дәрілік заттардың тізімін әрбір атау бойынша шекті бағасын көрсетіп, Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.
Сондай-ақ әлеуетті жеткізушілерге бір және сол лот бойынша екі және одан да көп отандық өндірушілер әлеуетті жеткізушілер ретінде сатып алуға қатысқан жағдайда, онда тапсырыс беруші осы лот бойынша отандық өндірушілерден ғана түскен бағалы ұсыныстар қарайтыны түсіндірілді.
Бірыңғай дистрибьютор қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті жеткізушілеріне қойылатын талаптарды ұсынады.
«СК-Фармация» ЖШС 34 млрд. теңгеден астам сомаға 646 лотқа сатып алу туралы хабарландыру жасады.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.
«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



