Пресс-релиз СК-Фармация
Баспасөз релизі
2010 жылғы 27 қыркүйек Астана қаласы
Бүгін «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының конкурстық комиссиясы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қабылдауды (тіркеуді) сағат 12.00-де аяқтады. Сондай-ақ сағат 14.30-да тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімі басталады.
34 млрд.-тан астам теңге сомасына жарияланған 646 лотқа 64 әлеуетті жеткізушілер өтінім берді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізеді.
Бірінші кезеңде тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнаманың көрсетілген талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Екінші кезеңде аукцион қағидаты бойынша төмендетуге арналған ең төменгі баға анықталады.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС бас директоры, конкурстық комиссияның төрағасы Сыздық Баймұқанов әлеуетті жеткізушілерге қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар көрсететінін естеріне салды.
Рәсім аяқталғаннан кейін бүгінгі күннен бастап және 4 қазанға дейін тендерлік комиссия тендерлік өтінімдердің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Одан соң 4 қазанда тендерлік комиссия «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС веб-сайтында оны орналастыру жолымен ескертпелері бар конверттерді ашу хаттамасын әлеуетті жеткізушілерге дейін жеткізеді.
7 қазанға дейін әлеуетті жеткізушілер тендерлік комиссияда көрсетілген ескертулерді жою үшін тендерлік өтінімдерге толықтырулар ұсынады.
11 қазанда конкурстың екінші кезеңіне жіберілген әлеуетті жеткізушілердің тізбесі Бірыңғай дистрибьютордың веб-сайтында жарияланады. 12 қазан күні сағат 10.00-де конкурстық комиссия бағалы ұсыныстарды қабылдауды бастайды.
«Осы рәсім барынша ашық және әлеуетті жеткізушілердің негізделмеген ауытқуларын алынып тасталуының арқасында ең төменгі баға бойынша сапалы препараттарды таңдауға мүмкіндік береді», -
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.
«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



