Пресс-релиз СК-Фармация
Баспасөз релизі
2010 жылғы 12 қазан Астанақаласы
Бүгін «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының конкурстық комиссиясы төмендетуге арналған аукцион қағидаты бойынша 2011 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлік рәсімінің екінші кезеңі басталды.
34 млрд. теңгеден астам сомаға жарияланған 646 лотқа 64 әлеуетті жеткізушінің өтінімі түсті. Солардың ішінде екінші кезеңге 52 әлеуетті жеткізуші жіберілді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізеді.
Бірінші кезеңде тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнаманың көрсетілген талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Екінші кезеңде төмендетуге арналған аукцион қағидаты бойынша ең аз баға айқындалады.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС бас директоры, Конкурстық комиссия төрағасы Сыздық Баймұқанов әлеуетті жеткізушілерге ескертіп өткендей, «Бірыңғай дистрибьютор қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес қана дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарды ұсынады.».
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.
«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



