Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

18.10.2010

Баспасөз хабарламасы

2010 жылғы 18 қазан Астана қаласы

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС толық көлемде Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарын тұмауға қарсы вакцинамен қамтамасыз етті. Бүгінгі күні 0,5 мл шприцтерге алдын ала толтырылған қазіргі заманғы әрі қолайлы нысандағы Ваксигрип атты тұмауға қарсы тиімділігі жоғары шамамен 350 мың дозалы вакцинаны еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілді. Бұл вакцинаны шығарушы вакцинация саласындағы сарапшы және тұмауға қарсы вакциналар нарығындағы көшбасшы болып табылатын еуропалық Санофи Пастер компаниясы болып табылады.

Бұдан бұрын емдеу-профилактикалық мекмелерге вакцинаның бірінші партиясы (13 мың дозасы) жеткізілген болатын. Вакцинаның негізгі партиясы өңірлерге өткен демалыста жеткізілді.

Қазақстан Республикасында тұмауға қарсы егу дәстүрлі түрде қазан мен қараша айлары аралығында жүргізіледі.

Тұмауға қарсы вакцинаны сатып алу жөніндегі екі кезеңдік рәсім пайдаланылған ашық тендерді «СҚ-Фармация» компаниясы 2010 жылғы маусымда өткізді, бұл вакцинаны бір дозасы үшін 643 теңгеден сатып алуға мүмкіндік берді, ал сол уақытта бөлшек сауда нарығындағы баға бір доза үшін 1600-ден астам теңгені құрайды. Тұмауға қарсы вакцинаны сатып алу нәтижелері бойынша үнем 60% (бөлінген 652 млн.теңгеден 350 миллион теңгесін) құрады.

Тұмауға қарсы егу жыл сайын жүргізіледі, өйткені ол өмір бойғы иммунитетті қамтамасыз ете алмайды. Халықты болжанатын эпидемияның алдында тікелей еккен орынды, оның кезіндегі науқастанудың ең көп бөлігі әдетте желтоқсан – ақпан айлары аралығына келеді. Егілгеннен кейін толыққанды иммунитетке ие болу үшін 10-нан 14 күнге дейін уақыт керек, соған байланысты вакцинаны егу үдерісін қарашаның ортасынан кешіктірмей аяқтау қажет.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу