Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

20.10.2010

Баспасөз хабарламасы

2010 жылғы 21 қазан Астана қаласы

Бірыңғай дистрибьютор - «СК-Фармация» ЖШС елдің оңтүстік өңірлерінде тұратын 15 жасқа дейінгі жас шамасындағы балалардың полиомиелитке қарсы қосымша жаппай вакцинация жасауды жүргізу үшін Санофи Пастер компаниясы өндірісінен 3 млн. доза полиомиелитті вакцинаны өңірлерге жеткізді. Солардың ішінде 500 мыңнан астам дозасы резервтік қор ретінде санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторингі ғылыми-тәжірибелік орталығына (бұрынғы АСЭС) жеткізілді.

Полиомиелиттің басталуының алдын алу бойынша алдын ала қабылдайтын шаралардың әлеуметтік маңыздылығын сезіне отырып «СК-Фармация» қысқа мерзімде өтеусіз негізде вакцинаны жеткізуді жүзеге асырды.

Вакцина Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстарына және Алматы қаласына жеткізілді.

Қыркүйекте Қазақстан Республикасымен тікелей көлік қатынасы (атап айтқанда, оңтүстік облыстарда) және біздің елдің аумағына инфекцияларды әкелу қаупі бар елдердегі полиомиелит ауруымен ауыратындар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың қиындауына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі 6 жасқа дейінгі балалардың полиомиелитке қарсы бір рет қосымша вакцина жасауды өткізгенін естеріңізге саламыз.

«СК-Фармация», полиомиелиттік вакцинаны жеткізу бойынша ЮНИСЕФ Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қорымен тікелей келісім жасасып (жеткізу мерзімдері 120-дан 28 күнге қысқартылды), қысқа мерзімде емдеу мекемелеріне вакцинаны жеткізді


«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz

Тізімге қайта келу