Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

09.11.2010

Баспасөз хабарламасы

2010 жылғы 9 қараша Астана қаласы

Бірыңғай дистрибуциялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде 1128 медициналық ұйымдармен жалпы сомасы 35,8 млрд.теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге арналған 1 521 шарт жасалды.

Ағымдағы жылдың 10 ай ішіндегі жағдай бойынша Бірыңғай дистрибьютордың шарттық міндеттемелерін орындау шеңберінде прайст-параққа кірген 673 атаулар жоспарланған 252 млн.бірліктен 266 млн.бірлік санында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тиеп жөнелтілді, бұл міндеттемелерді орындаудың 105,6% құрайды. Тиеп жөнелту жөніндегі жоспарды асыра орындау медициналық ұйымдар тарапынан өте ерте мерзімде жеткізу кестелерін жылжыту сұрауларының түсуіне және «СҚ-Фармация» ЖШС медициналық ұйымдардың бөлігіне жылдық ДЗ және ММБ тиеп жөнелтуімен байланысты.

Жиынтық тұжырымында есепті кезеңде жоспарланған 31,4 млрд.теңгеден сомасы 31,9 млрд.теңгеге тауар жеткізілді, бұл міндеттемелерді орындаудың 101,4% құрайды.

«СҚ-Фармация» ЖШС емдеу мекемелеріне стационарлық емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізумен айналысатынын естеріңізге саламыз. Жеңілдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ амбулаторлық ауруларды емдеу үшін препараттарды сатып алу және жеткізуді денсаулық сақтаудың жергілікті ұйымдары жүзеге асырады.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу