Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

10.11.2010

Баспасөз хабарламасы

2010 жылғы 10 қараша Астана қаласы

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор, «СҚ-Фармация» компаниясы, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Қазастанның пилотты өңірлеріне пневмоккок вакцинасын жеткізуді аяқтады.

Қазан айында «СҚ-Фармация» компаниясы шамамен жалпы сомасы 620 миллион теңгеге 72 160 доза «Превенар» препаратының 13 серотипі өзінің құрамында бар пневмоккоктық вакцинасын сатып алуды жүргізді. Вакцина Шығыс Қазақстан (46 760 доза) және Маңғыстау (25 400 доза) облыстарына толық көлемде жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі халқы пневмоккок вакцинасымен қамтамасыз етілетін өңірлер санын жыл сайын ұлғайтылатыны туралы шешім қабылдады.

Превенар 13 вакцинасы 6 аптадан 5 жасқа дейінгі жас шамасындағы балаларда Streptococcus pneumoniae 13 серотипін тудыратын инвазивті инфекциялар, пневмония және орташа құлақтың қабынуының алдын алу мақсатында белсенді иммунизациялауға арналған. Инвазивтік пневмококктық инфекцияларға сепсис, менингит, бактериемия, бактериемиясы бар пневмония және эмпиема жатады.

Превенар 13 – бұл балалар үшін пневмококк серотиптерін жабудың бүгінгі күнде ең кеңінен тараған конъюгацияланған пневмококктық вакцина.

«СҚ-Фармация» ЖШС Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі (ДБҰЖ) шеңберінде стационарлық емдеу үшін емдеу мекемелеріне дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алумен және жеткізумен айналысатынын естеріңізге саламыз. Жеңілдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ амбулаторлық ауруларды емдеу үшін препараттарды сатып алу және жеткізуді жергілікті басқару органдары жүзеге асырады.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы
фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу