Пресс-релиз СК-Фармация
Баспасөз хабарламасы
2011 жылғы 4 ақпан Астана қаласы
«СҚ-Фармация» компаниясы «Балаларды СПИД-тен қорғау» қайырымдылық қорының АРВ-препараттары бойынша ахуалға қатысты таратқан ақпараты бойынша мынаны хабарлайды.
Жоғары сапалы дженериктерді пайдалану жөніндегі ДСҰ ұсыныстарына және халықаралық стандарттарға қарамастан, балалар үшін түпнұсқалық (бренділік) АРВ-препараттар сатып алынды және сатып алынуда.
Екі кезеңдік пайдалану рәсімі бар тендер 8 ақпанға (тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашуды қабылдау өтеді) жарияланып отыр, ал 22 ақпанда екінші кезеңі (төмендетуге аукционды қолдана отырып бағалы ұсыныстарды қабылдау) өтеді. Осы ақпарат Бірыңғай дистрибьютордың www.sk-pharma.kz сайтында бар. Препараттарды емдеу мекемелеріне жеткізу қазірдің өзінде ағымдағы жылғы сәуірінде басталады.
«Біздің деректер бойынша, Шымкент қаласындағы «Ана мен Бала» орталығындағы балаларды емдеуге арналған АРВ-препараттарының қорлары кем дегенде ағымдағы жылдың маусымына дейін жетеді, ал кейбір позициялар бойынша жылдың аяғына дейін. Сондықтан дәрілік заттардың жоқ екендігі туралы өтініш қате әрі асығыстық деп санаймын. Біз өз міндеттемелерімізді толық көлемде орындаймыз, сатып аламыз және мерзімінде препараттарды жеткіземіз. Бұдан басқа, препараттардың осы тобының әлеуметтік маңыздылығын жоғары болғандықтан, біз тұрақты негізде дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайын талдап отырамыз», - деп атап өтті «СҚ-Фармация» ЖШС Маркетинг және дамыту департаментінің директоры Арнұр Нұртаев.
Бұдан басқа, Ставудин дәрілік затының түпнұсқалық атауы Зерит ДСҰ ұсыныстары бойынша емдеу терапиясы схемасының өзгеруі салдарынан Ретровирдің түпнұсқалық атауы Зидовудинге ауыстырылды. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық орталық мемлекеттік мекемесінің мәліметтері бойынша Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 2010 жылдың 7 қазанындағы клиникалық хаттамаларды қайта қарауында Зидовудин препаратының артығырақ тіимділігі осы препаратты алмастыруға негiз болған себеп болып табылады.
«СҚ-Фармация» ЖШС Денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесі шеңберінде стационарлық емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды емдеу мекемелеріне сатып алумен және жеткізумен айналысатынын естеріңізге саламыз. Бірден-бір ерекшелік – бұл гемофилиямен ауыратындар үшін қанның қоюлануы және диабетпен ауыратындар үшін инсулиндер факторы. Ересек пациенттерге ғана арналған. Жеңілдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ амбулаторлық ауруларды емдеуге арналған препараттарды сатып алуды және жеткізуді денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85, +7 701 7400185
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



