Пресс-релиз СК-Фармация
Баспасөз хабарламасы
2011 жылғы 24 қаңтар Астанақаласы
Бірыңғай дистрибьютор емдеу мекемелеріне дәрілік заттардың үздіксіз жеткізілуін ұйымдастырды. Бүгінгі күні жоспар 99,9%-ға орындалды.
2011 жылы жеткізушілер үшін 2010 жылғы желтоқсанда «қауіпсіз үш айлық деңгейден» жоғары 2011 жыл ішінде оны қолдай отырып, әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша препараттардың бүкіл тізбесі мен жылдық қорға арналған жартыжылдық қор құрылды.
Бұдан басқа, қызметтердің сапасын арттыру үшін қысқы кезеңде жолы қиын өңірлерде қажетті қорлар қалыптастырылды.
2010 жылы «СҚ-Фармация» компаниясы тендерлердің екі кезеңдік рәсімдерінің арқасында бюджеттік қаражаттың 4,5 млрд. теңгесін үнемдеді. Отандық өндірушілердегі сатып алудың көлемі (заттай қалпында 49%-ға дейін) ұлғайды.
Өткен жылы «СҚ-Фармация» отандық өндірушілермен дәрілік заттарды сатып алу бойынша 8 ұзақ мерзімді шарт жасасты. Бүгінгі күні тоғыз келісім жасалды. Отандық өндірушілермен қол қойылған ұзақ мерзімді келісімшарттардың арқасында 30 млрд.теңгеден астам сомаға халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағыларды жаңғырту және жаңа өндірістерді салу бойынша жобаларды іске асыра бастады.
Мемлекет үшін қазанстандық өндірісті кеңейту түпкілікті маңызды. Біріншіден, бұл дәрілік және экономикалық қауіпсіздік. Отандық препараттар бағасы бойынша барынша қолжетімді. Екіншіден - бұл саладағы өнімділікті 2,5 есе ұлғайтады және қосымша жоғары білікті жұмыс орындарын ашады. Үшіншіден - бұл біздің өндірістердің экспорттық бағдарланғандығы. Кеден одағы шеңберінде отандық өндірушілерге арналған дәрілік заттар нарығы 1 млрд. АҚШ долларынан 17 млрд. долларға дейін елеулі түрде ұлғайтылатын болады.
«СҚ-Фармация» ЖШС Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі шеңберінде стационарлық емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды емдеу мекемелеріне сатып алумен және жеткізумен айналысатынын естеріңізге саламыз. Бірден-бір ерекшелік – бұл гемофилиямен ауыратындар үшін қанның қоюлануы және диабетпен ауыратындар үшін инсулиндер факторы. Ересек пациенттерге ғана арналған. Жеңілдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ амбулаторлық ауруларды емдеуге арналған препараттарды сатып алуды және жеткізуді денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.
«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85, +7 701 7400185
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



